Халыққа құқықтық көмек беріп, тәртіп сақшыларымен арасындағы байланысты нығайтып, сенімділікті арттыруға бағытталған "Жолда қабылдау" акциясы бүгін де жалғасын табуда. Қарасай ауланындағы осындай шара 19 шақырымда орналасқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды. Әдеттегідей, полиция басқармасының түрлі бөлім өкілдері тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап қайтарып, құқықтық бағытта кеңес беруде.