Қазақстанда медициналық ұйымын еркін таңдау науқаны жалғасып жатыр.
Ол үшін жеке куәлік қана керек. Ал жеңілдігі бар азаматтар үшін мәртебесін растайтын құжат (зейнетақы куәлігі, қорғаншылық құжаттар, туу туралы куәлік және т.б.) болса жеткілікті.
Емханаға тіркелу үшін келесі үш тәсілдің бірін пайдалана аласыз:
1. медициналық ұйымға тікелей жүгіну;
2. egov.kz порталы арқылы;
3. ХҚО-ға келіп өтініш беру арқылы.
Әрине, мұны egov.kz порталында жасау оңайырақ, әрі жедел.