Суши мен роллдар – күріш, күріш сіркесуы, шикі балық, васаби, нори (теңіз балдыры), жанжабіл мен соя соусынан жасалатын ерекше тағам. Оның пайдасы бар ма? Ең алдымен сушидің құрамындағы теңіз өнімдері термиялық өңдеуден өтпейтіндіктен, құрамындағы дәрумен, минерал мен басқа да пайдалы заттардың бәрін сақтап қалады. Норидің құрамында кальций, темір мен йод молынан бар.