Оңтүстікте аптап, орталықта күн бұзылады. Күн райын болжаушы мамандар осылай мәлімдеді. Еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын болмайды, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал, күндіз шығыс өңірдерде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.