«Транстелеком» АҚ компаниясының жиналысы Нурали Алиевтің кесірінен екі рет өтпей қалды
Главные вкладки
Назарбаевтың немересінің себебінен «Транстелеком» АҚ акционерлері жиналыс өткізе алмай отыр деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Қазақстандық байланыс операторы «Транстелеком» АҚ компаниясы екі рет директорлар кеңесін шақыра алмады.
Қазақстан қор биржасы 31 қаңтарға белгіленген «Транстелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтпегені туралы мәлімдеме жасады. 1 ақпанға ауыстырылған екінші кездесу де өтпеді. Себеп жиналысты заңды деп тану үшін акционерлердің басым көпшілігі қатысу керек. «Транстелеком» АҚ акционерлер жиналысының екі рет болмауының басты себебі директорлар кеңесінің төрағасы Нурали Алиев және оның анасы Дариға Назарбаеваның жиналысқа қатыспауы болса керек.
Тағы еске сала кететін жайт Дариға Назарбаева 5 қаңтардан бері жұмыс орны парламент мәжілісіне бармаған.