«Қазақтелеком» ауыл балаларының дамуына қандай үлес қосты?

Главные вкладки

апр 08, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысы Қарасай ауданы Жармұхамбет ауылының REDBULL киберспорт командасы «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен 2020 жылдың көктемінен бастап онлайн режимінде өткізіліп жатқан Alaman #StayHome турнирлер сериясында дебют жасады деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі. Алматыдан 25 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдың бесеуі алғаш рет PUBG Mobile-дің «патша шайқасына» өз ауылынан шықпай-ақ қатыса алды: байланыс операторлары Жармұхамбетте интернет сапасын жақсарту мақсатында кең жолақты "радио көпір" орнатып берген еді.

Алайда, дебютанттар өздерінің алғашқы «Аламанында» жүлде алмаса да, команданың ұйымдастырушысы, Қазақ-Америка университетінің бірінші курс студенті Азамат Қабылбеков өзінің үздік бестігінің әлі алда екеніне сенімді. Сонымен қатар, команда құрамы жаңа ойыншылардың есебінен өзгеруі мүмкін: қазір 1,5 мың адам тұратын Жармұхамбетте «радио көпірге» тек 300 абонент қосылды. Бірақ, жаңа қосымшалар саны артып келеді, дейді «Қазақтелеком» АҚ Қарасай желілік-техникалық шеберханасының бастығы Чаймұрат Әуелбеков және осы жазға дейін ауылдың бүкіл халқы сапасы жақсы кең жолақты желіге қосылады деп сөз берді.

"Біз халықты белсенді түрде жылдамдығы жоғары интернет желісіне қосатын боламыз, сонымен қатар «Қазақтелеком» кез-келген ауа-райында және жылдың кез келген уақытында жұмыс істейтін жабдықты орнатты. Қазір көптеген ауыл тұрғындары үйден шықпай-ақ оқиды, қызмет алады, біліктілігін дамытады», - дейді Чаймурат Әуелбеков.

REDBULL-тен электронды спортты сүйетіндермен бір уақытта кәсіпкер Сандуғаш Әуелханова «радио көпірге» қосылды: ол ұзақ уақыт бойы үйде нан пісірумен айналысады, бірақ осы уақытқа дейін ол Алматыдағы туыстары арқылы клиенттермен байланысып тұруға мәжбүр болған. Метрополияға күнделікті саяхат үш баланың анасы үшін көп уақытты қажет етті, бірақ қазір ол толығымен үйден жұмыс істей алады. Оның үстіне, Интернетке шыққаннан кейін оған тапсырыс көбейіп жатыр екен.

"Ауылды интернетпен жабдықтамас бұрын маған өз бизнесімді дөңгелету қиынға соқты.Оның басты себебі интернеттің сапасыздығы еді.Мен клиенттер жинау үшін өнімді үйде суретке түсіріп, қаладағы туыстарыма сол суретті жүктеу үшін баратын едім.Ал қазіргі уақытта интернет-магазинмен жұмыс жасаймын.Табысым бұрынғыға қарағанда едәуір жақсарды. Бұл мені өте қуантады, себебі, бұл менің болашақта дамуыма да үлке үлесін қосуда"-, дейді Сандуғаш Әуелханова.