«Қателік бірнеше бапта ғана емес, бүтін жобада жатыр». Дау тудырған заң жобасы туралы сарапшы пікірі

Главные вкладки

янв 20, 2021 / 0 комментарии

2020 жылдың 23 қыркүйегінде Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасын өткен аптадан бері қазақстандықтар қызу талқылап жатыр. Депутат Ирина Үнжақова таныстырған заң жобасын қоғамдағы бір топ «салт-дәстүрімізге қарсы» десе, келесі бір белсенділер «аталған заң арқылы балалар мен әйелдер құқын қорғауға ие боламыз» дегенді алға тартып отыр.

Azattyq Rýhy тілшісі аталған заң жобасының қай баптарында қателіктер кеткенін Халықаралық ақпараттандыру Академиясының академигі, заң ғылымдарының кандидаты Мадияр Аймурзаұлынан сұрап білді.

Маман аталған заңды қабылдаған 55 депутаттың бірде-біреуі қазақ тілінде осы заңды негіздеп бере алмайды дейді. Әріптестері заңгерлердің талабы бойынша, қыркүйек айынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды құраушылар қатарына қосылған. Халықты шулатып жатқан заң жобасымен толықтай таныс маман қателік бірнеше бапта ғана емес, бүтін жобада жатыр деп мәлім етті.

«Талабымыз бойынша әріптестеріміз аталған заңды құраушы жұмыс тобының қатарына кірді және материалдармен танысып, пікірімізді заң мәтініне қарай айтып, нақты фактілерге сүйене отырып, маман ретінде халықты ақпараттандырып жатырмыз. Заңның бабы мен тармағы ғана емес, бұл жоба толығымен біздің қоғамға сай келмейді. Заңның атауы «Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» деп аталғанмен, мазмұны оның атауына қарама-қайшы. Екіншіден, біз ҚР азаматы, заңгер маман ретінде бізде қоғамда болып жатқан зорлық-зомбылыққа қарсымыз. Бірақ мына заң зорлықтың алдына алуға немесе оны жоюға бағытталмаған. Керісінше, отбасының ойранын шығарады, баланы қолдағанның орнына қорлайды, ауру қылады, толық отбасын жесір қылады, ұлттық құндылыққа кесір қылады. Талдап айтар болсам, қыркүйек айындағы қаралып, оқылымда мақұлданған жобаға сәйкес 5-баптың 11-тармағы «Зорлық-зомбылыққа ықпал ететін салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға тыйым салынады» делінген. Мына заңның мәтініне қарайтын болсаңыз, кез-келген салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты осы заңның аясына кіргізіп жіберген. Баланы бесікке бөлеу үшін біз оның рұқсатын алмаймыз ғой?! Біз дәстүр бойынша, вертикальді бағыну, яғни, атаның өсиеті, әженің әлдиі, әкенің мысымен өсіп келе жатқан ұрпақпыз.