«Өзгерісті өзіңнен баста!»

Главные вкладки

ноя 10, 2018 / 0 комментарии

Бүгін осындай ұранмен қарасайлық мемлекеттік қызметкерлер қолдарындағы қағаз-қаламдарын күрек пен кетпенге айырбастап ағаш егуге кірісті. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген акция барысында Райымбек округінде орналасқан «Батыр бабаларға тағзым» және «Анаға құрмет» музейлерінің маңына шырша, қайың көшеттері отырғызылды.

Естеріңізге сала кетсек, Президенттің стратегиялық мақаласындағы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы - еліміздегі тың бетбұрыстардың бастамашысы мен жолсерігі ретінде мемлекеттік органдардың рөлін арттыруды көздейді. Яғни, мұндағы негізгі мақсат - мемлекеттік қызметшілер өздерінің жүріс-тұрыс моделін жаңғырту арқылы органдардың мәдени ұйымдастырушылығын жетілдіруге ықпал етпек.

- Бүгін мұнда барлығы 3 га жерге, жалпы саны 153 ағаш отырғызылды. Ол көшеттерге бюджеттен қаражат бөлінген жоқ. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің патриоттық сезімдерін көрсетіп, ауызбіршілік танытып, сол арқылы алынды. Алдағы кезде осы отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау мақсатында мұнда арнайы бір су ұңғымасы бұрғыланды. Болашақта бұл жер көрікті саябақ болады деген сенімдеміз, - деді бізге берген сұхбатында аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әшімбай.

Сондай-ақ, бұл күні Қаскелең қаласы мен Шамалған ауылдық округінде де осындай акциялар ұйымдастырылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ал, жауапты мамандар мұндай игі істің болашақта да жалғасын табатынын алға тартты.