«+7»-ден басталатын нөмірлер халықаралық қоңыраулар үшін «Қазақстан» жазуы көрсетіледі
Главные вкладки
iPhone телефонында халықаралық қоңыраулар үшін «Қазақстан» жазуы көрсетіледі деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Бұрын «+7»-ден басталатын нөмірлері бар барлық қоңыраулар «Ресей» деп көрсетілетін.
«Apple компаниясымен бірге біз бірнеше сұрақты пысықтадық. Енді «+77» және «+76» халықаралық коды бар кіріс қоңыраулар iPhone телефонында «Қазақстан» ретінде көрсетіледі. Apple біздің сұранысымызды мүмкіндігінше тез өңдегенін атап өткім келеді. iOS 14 шығарылымы бар iPhone 6 және одан кейінгі құрылғыларда жоғарыдағыдай мәселелер болмайды», - деді Қазақстан Республикасының Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин хабарламасында.