Автокөлік шиналары Қарағандыда шығады

Главные вкладки

апр 06, 2021 / 0 комментарии


Қарағандының Саран қаласында шина шығаратын зауыттың құрылысы басталды. Ол іске қосылғанда жылына 3.5 млн шина шығарып, кейін 9 млн-ға дейін жетеді. Құны 125 млрд теңге болатын өндіріс 1100 адамды жұмыспен қамтиды деп хабарлайды Kaskelen.kz.

Алғашқы кірпішін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Татарстан Президенті Рустам Минниханов қалаған зауытты "Аллюр" компаниялар тобы" мен "Татнефть" бірлескен «KamaTyresKZ» компаниясы салып жатыр. Құрылыс 2022 жылдың соңында бітеді. Енді Қазақстан автоөндірісі өзін шинамен толық қамтамасыз етіп, тіпті 40% өнімді экспорттайтын болады.

«Саран қаласында шина зауытын салу Қарағанды облысының және жалпы Қазақстанның экономикасына мультипликативті әсерін тигізеді, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады және жоғары білікті жаңа жұмыс орындарын құрады. Зауыт өңірдегі ең ірі зауыттардың біріне айналады, оның өнімдері жоғары экспорттық әлеуетке ие болады», — деді А. Мамин.

РТБ ауданындағы индустриялық аймақ аумағында шина зауытының құрылысы үшін бетон құю рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «Татнефть» компаниясының бас директоры Наиль Маганов, «Аллюр» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев және «KamaTyresKZ» серіктестігінің директоры Александр Смышляев қатысты.