Алексей Цой: Коронавируспен ауырғандардың 99,9%-ы – вакцина салдырмағандар
Главные вкладки
Алексей Цой баспасөз мәслихатында коронавируспен ауырғандардың барлығы дерлік вакцина алмағандар екенін жеткізді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ауырғандардың 99,9%-і вакцина салдырмағанын атап өткім келеді. Бұл иммунизацияның қауіпсіздігі мен тиімділігін дәлелдейді", - деді денсаулық сақтау министрі..
Алексей Цой әр екінші ересек қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта 8,6 миллион доза пайдаланылған. Соның ішінде бірінші компонент 5 230 750 адамға егіліпті.
Бұл вакциналауға жататын халықтың 52,8 пайыызын құрайды. Екінші компонент 3 436 617 қазақстандыққа cалынған. Егу пунктерінде 713 мың дозаға жуық бірінші компонент және 1 миллион 300 мың доза екінші компонент бар, деді министр. Алексей Цой сөзін қорытындылай келе қазақстандықтардывакцина салғызып, індеттен қорғануға шақырды.