Алматыдан 538 шақырым қашықта жер сілкінді
Главные вкладки
Бүгін таңертең Алматыдан 538 шақырым қашықта жер сілкінді деп хабарлайды Қазақпарат.
Қазақстанның білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 маусым күні Алматы уақытымен 6 сағат 3 минутта жер сілкінісі тіркелген.
Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 538 шақырым қашықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5, тербелісі – 4.1. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ" делінген тиісті мекеме таратқан хабарламада