Алматыдағы автотұрақтың бірінде тағы да 100 теңге үшін жанжал болды

Главные вкладки

июн 23, 2021 / 0 комментарии

Алматыдағы автотұрақтың бірінде тағы да 100 теңге үшін жанжал болды.

Жанжалдың видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі almaty_kris_p тобында жарық көрді.

"Тағы да 100-200 теңге үшін жанжал туындап жатыр, тіпті бір-бірін өлтіруге дайын. Жігіттер, тату өмір сүрейік", - делінген роликтің жазбасында.

Сонымен қатар, оқиғаның "Бақорда" сауда орталығының жанындағы автотұрақта болғаны айтылды. Бұл жағдайға қатысты Алматы полициясы пікір білдірді.

"Алатау аудандық полиция басқармасының мәліметінше, бұл факт бойынша полицияға ешқандай арыз түспеген. Қақтығысқа қатысушылар анықталып, олардан жауап алынды. Олар бір-біріне шағым жазудан бас тартты. Соған қарамастан олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді", - деді оңтүстік астананың полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Айта кетейік, осыған дейін "Алтын Орда" автотұрағында осыған ұқсас жағдай болған еді. Кейінірек қырғынға қатысты базар әкімшілігі түсінік берген еді. Олар көлік тұрағына жауапты жұмысшылар пышақ алып жүреді дегенді жоққа шығарды.

Сондай-ақ, базар басшылығы мұндай жағдай қайталанбас үшін жүргізушілер өзімен тиын-тебен алып жүргендері дұрыс екенін айта кетті. Олардың мәліметінше, автотұрақты ақысыз жасау әзірге жоспарда жоқ. Модернизация жұмыстары бітсе, электронды терминал қондырғылары орнатылуы ықтимал.