Алматыда банкет залдарының жұмыс істеуіне рұқсат етілуі мүмкін
Главные вкладки
Алматы "жасыл" аймаққа өтетін болса, мамыр айында "Ashyq" жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді деп хабарлайды Қазақпарат.
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов 17 сәуірден бастап Алматы қаласы бойынша жобаға 5 кинотеатр және 1 театр, сондай-ақ QR кодын алу сатысында 6 кинотеатр және 1 театр қосылғанын еске салды. Оның сөзінше, кинотеатрларды қосқан алғашқы күні "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 5 келуші анықталған. Егер Алматы "жасыл" аймаққа өтетін болса, мамыр айында "Ashyq" жобасы бойынша караоке мен банкет залдары жұмыс істейді, деді Айтуар Қошмамбетов. Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Садвакас Байғабулов әрбір кәсіпкерлік субъектісіне болашақта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жеке QR кодтары берілгенінжеткізді.
"Мамыр айында біз караокені, сондай-ақ толымдығы 50 пайыздан аспайтын банкет залдарын қосу туралы мәселені қарастырамыз",-дейді ол Еске сала кетсек, Қазақстанда өткен тәулікте 2530 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 292 250-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, бүгін үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті. "Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.