Алматыда бұзақы жігіт әткеншектерді әдейі бұзды
Главные вкладки
19 жастағы жергілікті тұрғын жасаған әрекетіне жауап берді. Ол ойын алаңында жүргенде, әткеншектің темір құбырын сындырып, өзімен бірге алып кеткен, - деп хабарлайды Деловой Казақстан.
Қаскөй бұл әрекеттерді желіге салды.
Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер бар!
– Бұл факті әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықталды. Біздің бөлімнің қызметкерлері бірден қылмыскердің жеке басын анықтады. Ол – 2002 жылы туған А.есімді азамат. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚбК-нің 505-бабына сәйкес құқық бұзушылық белгілері бойынша әкімшілік іс-материалдары жиналды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Тәртіп бұзған жігіт өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетіндігін жеткізді.
– Мен жасағаным үшін кешірім сұраймын. Бұл видео “Instagram” желісіне орналастырылды, содан кейін ол басқа желілерге тарала бастады. Мен заңнан қашпаймын, өз кінәмді мойындаймын. Ақымақтық жасадым. Мені түсінесіз және кешіресіз деп ойлаймын, – деді А.есімді азамат.