Алматылықтардың азық-түлікке жұмсайтын шығыны былтырғыдан артып кеткен
Главные вкладки
Finprom.kz агенттігі Қазақстан халқының тамаққа қанша ақша жұмсайтынын анықтады. 2021 жылдың бірінші тоқсанында орта есеппен алғанда жан басына шаққанда азық-түлікке 96,7 мың теңге ақша жұмсалған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға артық деп хабарлайды Kaskelen.kz.
Агенттіктің зерттеуі бойынша азық-түлік сатып алу жөнінен Алматы қаласы тұрғындары көш бастап тұр. Тоқсандағы шығындарға назар салсақ, әрбір адам 127,2 мың теңгеге азық-түлік сатып алған. Десе де, бұл былтырмен салыстырғанда 4,2%-ға аз.
2021 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың жан басына шаққанда жұмсаған шығыны 96,7 мың теңгеге тең болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға көп.
Павлодар (117,1 мың теңге, былтырмен салыстырғанда 18,1%-ға артық) мен Шығыс Қазақстан облысының (116,5 мың теңге, былтырмен салыстырғанда 5,3%-ға артық) тұрғындары да азық-түлікке өзге өңірлерге қарағанда көбірек ақша жұмсаған болып шықты.
Тамаққа жұмсалатын отбасылық бюджеттің көп бөлігі азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалады екен. Бұл мақсатта 90,2 мың теңге құртылады. Яғни, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,5%-ға артық. Темекі өнімдеріне 2,6 мың теңге, ал үйден тыс тамақтануға 2,4 мың теңге жұмсалады.
Сондай-ақ, алкогольді сусындарға жұмсалатын қаражат бірден 14,4%-ға азайған. Жан басына шаққанда алкогольді сусындарға әрбір адам 1,3 мың теңге жұмсаған.
Қаражаттың қомақты бөлігі нан мен жарма (14,3 мың теңге), сонымен бірге сүт өнімдеріне (9,6 мың теңге) кететіні белгілі болды.