Алматылық жігіттің диабетпен ауыратындар үшін ойлап тапқан өнер табысы қандай?

Главные вкладки

янв 23, 2021 / 0 комментарии

 Елімізде жастардың даму индексі жасалатын болады. Бұл халықаралық тәжірибе әлемнің 170 елінде бар. Ол жастар саясатының дамуын бағалаудың индикаторы ретінде қолданылады.7-ші шақырылған Парламент мәжілісінің 1-ші сессиясын ашқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Жастардың даму индексін енгізу туралы тапсырма берген болатын. Онда Мемлекет басшысы «жастар әлеуметтік қызметі» деген ұғымды заңнамалық деңгейде бекіту керектігін атап өткен еді. Жергілікті атқару органдарының жастар саясатын жүзеге асыруға қатысты жұмысы соның негізінде бағаланады», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.27 жастағы Ердәулет Беков – медициналық зертхана саласының маманы.  Алматылық жас жігіт диабетиктер үшін қандағы қант мөлшерін өлшейтін GlucoMed құрылғысын ойлап тапқан. Саусақты инновациялық білезікке апарсаңыз жеткілікті, әп-сәтте қант мөлшерін анықтап береді. Теңдесі жоқ бірегей жобаға шетелдік бірқатар фармацевтикалық компаниялар қызығушылық танытып, 200 мың долларға жуық инвестиция құйылды.  «Бұл идея маған 11-сыныпта оқып жүргенде келді. Осы өзекті мәселені шешкім келетін. Себебі кішкентай науқас балалар күніне 10-12 рет инвазивті әдіспен тексеріледі. Яғни, олардың саусақтарынан қан алу арқылы қант мөлшерін анықтайды. Бұл өте қиын», – деді продакт-менеджер Ердәулет Беков.