Алматыға заңсыз өтем деп 5 күнге қамалды

Главные вкладки

мар 24, 2020 / 0 комментарии

Алматы қаласымен шектес тосқауыл-бекеттерін заңсыз айналып өтуге әрекет еткен төрт азамат ұсталып, бес күнге қамалды, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атап айтқанда, 1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны еліміздегі төтенше жағдай тәртібін бұза отырып, Алматы қаласының аумағына «Ақсай» өзені арқылы жасырын өтуге тырысқан. Екінші жағдайда 1968 жылы туған Алматы облысының тұрғыны осы әдіспен карантин жарияланған аумаққа өтуге әрекеттенген. Тағы да бір Алматы облысының тұрғыны Іле ауданының Покравка елдімекенінің маңындағы №22 тосқауыл-бекеті жанында ұсталды.  Төртінші құқық бұзушы 2000 жылы дүниеге келген Қырғызстан елінің азаматшасы болып шықты. Шетел азаматшасының өзімен ешқандай құжаттары жоқ болып шықты. қазіргі жағдайда аталған азаматтардың әрекеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жазаланатыны белгілі»,- деп хабарлады Қарасай ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.

Ұсталған азаматтарға ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Сондай-ақ, мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен олар 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Ал, Қызғыз Республикасының азаматшасы барлық жағдай анықталғанға дейін қабылдау-тарату мекемесіне орналастырылды.