Алматы облысында мал ұрлығы азайды
Главные вкладки
Алматы облысында мал ұрлықтарының саны азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде өткізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде өңірде мал ұрлықтарының саны азайған.
“Бұл бағыттағы қылмыстардың жолын кесу мақсатында мал ұрлықтарының алдын алу бойынша жоспар әзірленді. Оны іске асыру аясында облыс көлемінде 1 мың 149 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 61 – негізгі аудандық жолдарда, тағы 1 мың 088 мал сою және өткізу орындарында. Жыл соңына дейін тағы 250 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Сонымен қатар, келесі жылы облыстың 11 ауданында 886 камера орнатуға жобалық – сметалық құжаттама әзірленді”,- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Серік Кудебаев.