Алматы облысының дәрігерлері көз жұмғаннан кейін наградталды
Главные вкладки
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған 42 медицина маманын көз жұмғаннан кейін марапаттады. Олардың қатарында Жетісу өңірінің дәрігерлері де бар, деп хабарлайды Kaskelenkz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қызметтік міндетін үлгілі атқарғаны, азаматтардың денсаулығын қорғаудағы қажырлы еңбегі үшін қайтыс болғаннан кейін марапатталған азаматтар ішінде:
- Алматы облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов – ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен;
- Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы аудандық орталық аурухананың дәрігері Бегалдин Алашбаев «Құрмет» орденімен наградталды.