Алматы облысының жолдары ауа-райына байланысты жабылды
Главные вкладки
Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар "Алматы - Өскемен - Қапал-Арасан шипажайы" екі жол учаскесі жабылды деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабаралуынша, сағат 9.30-дан бастап облыстық маңызы бар "Алматы - Өскемен - Қапал-Арасан шипажайы" екі жол учаскесі 0 шақырымынан бастап 45 шақырымына дейін және Көктебе ауылына дейін көліктің барлық түрлері үшін жабылған.
Төтеншеліктер жүргізушілерден аталған бағыттарға қарай сапарламауды, сондай-ақ 112 қызметінен келген ауа райы туралы хабарламаларға мән беруді сұрайды.
"Алыс жолға шықпас бұрын ауа райымен танысып, сізге экстремалды жағдайларда көмегі тиетін керекті заттың бәрін алуды сұраймыз", - дейді ведомство.
Еске сала кетсек, синоптиктер 24 қаңтарда Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады.