Алматы облысының полицейлері «Қылмыс және жауапкершілік» тақырыбында кездесу өткізді

Главные вкладки

мар 01, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысы Кеген ауданының полиция қызметкерлері ағымдағы жылдың 22-26 ақпан аралығында аудан аумағында өткізілген «Жасөспірім» алдын-алу іс-шарасы аясында Алғабас ауылы Ұзақ Бағаев атындағы орта мектеп оқушыларымен «Қылмыс және жауапкершілік» тақырыбында кездесу өткізді деп хабарлайды Kaskelen.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.Іс-шара оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, саяси сауаттылыққа баулу мәселелеріне бағытталған. Кездесу барысында жас жеткіншектермен диалог құрыла отырып, құқықтық актілерді орындай және құрметтей білуге үйрену, өз ойларын еркін жеткізе білу мәдениеті, шығармашылық қабілетті шыңдау тақырыптарында әңгіме өрбіді.

«Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу болып табылады. Сол себепті де, оқушылардың саяси-құқықтық сауатын көтеру мақсатында осындай шараларды жиі өтукізуге ұмтылуымыз қажет. Өйткені құқықтық сауатты, зерделі ұрпақ- бұл біздің болашағымыз!»,-дейді Кеген АПБ бастығы, полиция подполковнигі Ерлік Үркінбаев.