Алматы облысының полицейлері кезекті ірі мал ұрлығын ашты

Главные вкладки

апр 16, 2021 / 0 комментарии

 Ақсу ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Алажиде ауылының 59 жастағы тұрғыны ақпан айының 27-нен 28-не қараған түні шаруа қожалығынан 7 бас ұсақ малдарының ұрланғаны туралы арызданған. Шығынның жалпы сомасы 280 000 теңгені құраған. Аталған дерек ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша тіркелді де хабарлайды Kaskelen.kz.

«Жүргізілген кең ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны анықталып, ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында күдікті қылмыс жасағанын толығымен мойындады. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат таратылмайды»,-дейді Ақсу АПБ бастығының м.а. полиция подполковнигі Айдос Қалжатбай.
Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып, жедел уәкілдер ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.