Алматы облысының тұрғыны шетелдік 22 азаматты алдаған

Главные вкладки

июн 21, 2021 / 0 комментарии

Алматы облысында өзге мемлекет азаматтарын алдады деген күдікпен 44 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы жылдың 12-14 маусымы аралығында шетелдік 22 азамат полицияға арыз жазған.


«Еңбекшіқазақ аудандық полициясына шағымданғандардың сөзінше, оларға белгісіз әйел еңбек келісімшартын жасауға көмектесемін деп уәде берген. Әрқайсысынан 3-5 мың теңгеден ақша алған. Жедел-іздестіру шарасы барысында Бәйдібек би ауылының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Әйел өз кінәсін мойындады», - делінген аталған ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Қазір осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 187-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.