Қазақтың қамын жеп жүрген сары бала Максимді танымайтындар кемде-кем шығар. Белгілі журналист, блогер және бүгінгі күннің белсендісі. Қазақша сөйлегенде, тілі тас жарады. Еріктілер жылында Максим қазақстандық жастарға ерікті түрде қазақ тілін үйрену туралы үндеу тастады. «Су ішкен құдығына түкірмеудің» үлгісін ісімен көрсетіп жүрген де осы жігіт.