Араб шейхтары Алматы облысында аң аулап жүр ме?

Главные вкладки

окт 18, 2021 / 0 комментарии

БАӘ шейхтары Қызыл кітапқа енген құстарды аулау үшін Қазақстанға миллиондап ақша төлейді.
Алайда қызыл кітапқа енген құстарды кез-келген шейх, кез-келген уақытта аулай алмайды. Экология министрлігінің қаулысында, құстарға аңшылық 2021 жылдың күзінде, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жалғасады. Сонымен қатар Қазақстан БАӘ қонақтарына 413 құсты аулауға рұқсат берген.

1 жек дуадақ(дрофа-красотка) құны 260МРП ( 758 420 теңге), 413 құстың құны 313,2 млн теңге.

Аңшылық Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облысында болады.

Аңшылық қандай шейхтарға рұқсат етілген?

шейх Халиф Бин Заед Аль Нахаян (БАӘ);
шейх Сурур Бин Мухаммеду Аль Нахаян (БАӘ);
шейх Сеиф Бин Мухаммеду Аль Нахаян (БАӘ);
шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Аль Тани (Катар).

Видеода халықтың наразылығына қарамастан, полиция көшелерді жауып, салдарынан кептеліс пайда болған. Арасында тіпті ауырып жатқан баласын ауруханаға жеткізе алмай, ашуланған жүргізушілерді байқауға болады.