Атырауда басшысынан кек алмақ болған азамат полицияны аяғынан тік тұрғызды
Главные вкладки
Атырауда басшысынан кек алмақшы болып, полицияға жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген ақтаулық тұрғын ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның мәліметінше, 17 шілде күні кезекші бөлімге белгісіз ер адам хабарласып, құрылысы аяқталмаған зауыттың бірінде жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Оқиға орнын полиция қызметкерлері тез арада қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар мен қызметтік иттер арқылы тексеруге кіріскен.
Алайда нысан аумағынан ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
Нәтижесінде 38 жастағы ер адамның жалған хабарлама бергені анықталған. Күдікті соңғы төрт жыл бойы қала аумағында қызмет атқарып жүрген Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Полиция ер адамның бұрын сотты болғанын атап өтті. Ол жалған хабарлама беруіне өзін жұмыстан босатқан басшысы себеп болғанын айтқан. Яғни ер адам осылайша өш алмақ болыпты.