Атырау облысында үш бала тірідей өртеніп кеткен

Главные вкладки

окт 06, 2021 / 0 комментарии

5 қазан, кешкі сағат 21:40 шамасында Махамбет облысының полиция бөліміне кәмелетке толмаған үш баланың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Екі ұл бала 7 жаста және бір қыз бала 8 жаста.

Балалар кешкі 18.00 шамасында ойынға шыққан, содан бері үйлеріне оралмаған.

Дәл сол күні сағат 19:30 шамасында жедел кезекшінің басқару пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылы, Жаскеленов көшесінде орналасқан үйдің ауласында 22 орам шөптің өртенгені туралы хабар түскен.

Өрт толық сағат 23:00 сөндірілген және қораның шетінде үш баланың сүйегі табылған.

ДП хабарлағандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот -медициналық сараптамалар тағайындалды.