Ауданда жаңа тұрғын үйлер салынады
Главные вкладки
Бүгінгі таңда Алматы облысы бойынша 50,7 мың адам кезекте тұр, оның 20 мыңы – әлеуметтік әлжуаз санаттағы және 5527-сі – көп балалы отбасылар. Сондықтан биылғы жылы тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылым салуға бөлінген қаржы 1,6 есеге ұлғайтылғанын айтты өңір басшысы А.Баталов.
Барлығы 939 мың шаршы метр үйді пайдалануға беру, оның ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша - 147,7 мың шаршы метр үйді іске қосу жоспарланған.
Барлық бағыттар бойынша 3600 отбасыны, оның ішінде 2400 әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойдық.
Сонымен қатар, Қарасай, Іле, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласында жеке құрылыс салушылар 1300 пәтерлік жеті тұрғын үй кешенін салатын болады. Одан әрі жыл сайын кемінде бір млн. шаршы метр тұрғын үйді беріп отырамыз, - деді А.Баталов.