Аудан әкімі аналардың өтініш-тілектерін тыңдады

Главные вкладки

Feb 11, 2019 / 0 комментарии

11 қаңтарда Қарасай ауданының әкімі Ж.Далабаев аудандық әкімдік ғимаратында көп балалы аналарды қабылдады. Ондағы мақсат- олардың өтініш-тілектеріне құлақ түріп, маңызды мәселелерді назарға алу еді.

Бұл жиынға аудандағы барлық 11 округтің әкімдері де қатысып отырған. Себебі, бірнеше күн бұрын ауыл әкімдеріне округтерінің маңызды проблемаларын, жалпы аналардың қажеттіліктері мен жауап күтетін сұрақтарын айтатын екі-үш батыр аналарды анықтап, бас қосуға ертіп келу тапсырылған.

Бір айта кетерлігі жиын жабық түрде өткен, ешқандай БАҚ өкілдері шақырылмаған. Негізгі әлеуметтік сауалдарға жауап беретін бөлім басшылары шақырылған.

Куәгерлердің мәліметіне сүйенсек, жиын ашық пікір алмасу түрінде өткен бас қосу барысында аналар негізінен баспана мен жер телімдерін сұраған. Сонымен қатар жол ақысы көп балалы аналар үшін тегін болса, ай сайын төленетін жәрдемақы өсірілсе деген өтініштерін білдірген.

Айтылғандардың барлығын аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы тікелей өзі назарға алып, кейбір бөлімдерге нақты тапсырмалар да жүктеген. Барлық ұсыныс-тілектер ескерусіз қалмайтындығын айтып, жиналғандарды сабырға шақырған.

Ал, аналар болса, ауданның бірінші басшысының осындай кішіпейілділік танытып, өздерін қабылдап, қандай мәселе бар екенін әдейілеп сұрағанына риза. Сонымен қатар, болашақта бұл кездесуден жақсы нәтижелер байқала бастайтынына сенімді...