Ауған соғысы ардагерлері оқушылармен жүздесті

Главные вкладки

Feb 12, 2019 / 0 комментарии

 Биыл Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына - 30 жыл. Осыған орай,  Шамалған  ауылындағы орта мектебінде осы соғысқа қатысқан  ардагерлермен кездесу өткізілді. 

Кездесудің мақсаты - өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету еді.
Ауған соғысында опат болғандардың рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге шақырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру де басты назарға алынды.

 «Ерлік - ерге мұра» атты  іс-шара жан-жақты жоғарғы деңгейде өткізілді. Ол әскери-спорттық ойындарынан басталды.

Бұл кезеңде автомат шашу және жинау, улы газдан қорғайтын аспапты уақытпен кию, пневматикалық винтовкадан ату, арқан тарту, турникке тартылу, зіл тасын көтеру бойынша 10 «А,Ә,Б» сыныптарға үш топқа бөлініп сынға түсті.

Ал, салтанатты жиында мектептің өнерлі оқушылары «Қанжардан құтқарған қазақ тілі»  атты тақырыпта  мектебімізде қонақта болған ауған соғыс ардагерлеріне арналған қойылым көрсетті. Онда ауған соғысының ардагерлерінің батырлығы мен қайсарлығы сипатталды. Жиында «Сарбаздар», «Пришол приказ»,  «Мен қазақпын» әндері орындалды және ауған соғысының ардагерлеріне арналған арнаулары  қонақтардың көңілдерінен шықты.
Сонымен қатар, ауған соғысында қаза тапқан батыр ардагерлерімізді еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланды. Соңында ардагерлерге оқушыларыдың өз қолдарымен жасаған бұйымдары тарту етілді.