Аягөз гарнизонының «Оңтүстік» әскери қалашығында 60 пәтерлі тұрғын үйдің кілті әскерилерге табыс етілді

Главные вкладки

дек 02, 2020 / 0 комментарии

Аягөз гарнизонының  әскерилері мен отбасы мүшелеріне 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесі  қарсаңында «Оңтүстік» жабық әскери қалашығындағы күрделі жөндеу жұмысынан өткен 60 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді.

 Шарада қоныс тойын тойлаған әскерилердің отбасыларымен бірге көп балалы отбасылары да  назардан тыс қалмады.

Жаңа пәтерлер толық ішкі әрлеу жұмыстарынан өткен, пластикалық терезелер, сантехникалық құрылғылар, электр плиталар, аристондар  мен киім-кешек шкафтарымен жабдықталған, өрт дабыл қаққыштары, электр және су есептегіш құралдары іске қосылған. Үйдің жақ беті отқа төзімді жүйелермен қапталған». Ауладағы жүру жолдарына асфальт төселіп, бордюрлар қойылған.  Балаларға арналған ойын алаңы және жаттығу құралдары бар спорт алаңы орнатылған.

«Қорғаныс министірлігінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылатын әскери қызметшілерді тұрақты баспанамен және қызметтік үймен қамтамасыз етілу құқығы бүгінгі күні өз шешімін табуда,- деді гарнизон бастығы полковник Сәбит Үркінбаев.

Әскери қалашықтың көптеген тұрғын үй ғимараттарының іргетасы 70-90 жылдары қаланған, соңғы кездері күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесінде  олардың келбеті жаңа кейіпке енді. 18 тұрғын үйдің 16-сы толық жөндеу жұмыстарынан өткен.

Бүгінде әскери қалашықта шамамен 1000-ға жуық бала оқитын жаңа мектеп, 200 орындық балабақша, әскери госпиталь, азық-түлік дүкендері және басқа да нысандар бар.

Спортпен шұғылдануға арналған спорт кешені бар. Әскери қызметшілердің балалары қоян-қолтық күресі, футбол, волейбол, таэквондо, джиу-джитсу және басқа да спорт түрлеріне қатысады. Мәдени-демалыс орталығында 6 мен 14 жас аралығындағы балаларға арналған би үйірмелері жұмыс істейді. Мектепте қосымша қолөнер мен музыканы дамытуға арналған шығармашылық үйірмелер, сондай-ақ спорт секциялары ұйымдастырылған.

Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері жабық әскери қалашықтағы өмірлерінің тыныш, әрі бір қалыпты екенін және аумаққа жарық шамдар қойылып, тұрғын үйлер мен қалашыққа баратын жолдың  жөнделуінен кейін тұрғылықты мекендерінің  көрінісі көз тартарлықтай болғанын мақтана айтты.