Ақмола облысының тұрғыны сүйіктісіне гүл сыйлаймын деп ажал құшты
Главные вкладки
Ақмола облысының тұрғыны сүйіктісіне лалагүл жұлып беремін деп суға батып кетті. Қайғылы оқиға Жабай өзенінде болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Белгілі болғандай, ер адам азаматтық некедегі әйелімен бірге Жабай өзеніне балық аулауға барған.
"Ер адам суға түсіп, өзен гүлдерін теріп алмақшы болған. Жағаға қайтып бара жатып суға батып кеткен. Тұрғынды іздеу үшін Көкшетау қаласынан Ақмола облысы төтенше жағдайлар қызметінің жедел құтқару жасағының құтқарушылары шақырылды. Ер адамның денесі табылды", - деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адам 52 жаста болған. ТЖД аталған жер суға шомылуға арналмағанын атап өтті. Оқиға орнынан 400 метр жерде рұқсат етілген орын бар екен.
Сонымен қатар, құтқарушылар жағалауда және су аймақтарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып отыр. Олардың сөзінше, оұқсат етілген жерлер мен жағажайларда ғана суға түсуге болады.
Ескерту белгілерінен тыс жерде жүзуге болмайды. Айта кетейік, бұған дейін Қызылорда жоғалып кеткен 47 жастағы азаматтың денесі екі күннен кейін Сырдария өзенінен табылған еді.
Одан бөлек, БҚО-да бойжеткен бір топ адамның көз алдында суға батып кеткен болатын. Қайғылы жайт Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық ауылының маңындағы демалыс аймағында шомылу кезінде болған. Марқұм аруға ешкім көмектесе алмаған.