Ақтауда вакцина алмаған студенттерді сабаққа кіргізбей жатыр
Главные вкладки
Ақтауда Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері қарашадан бастап оқуға вакцина алмаған студенттерді кіргізбей жатқанын айтады. ЖОО-да вакцина алмаған үш мың адам бар және олардың барлығы енді сабаққа бармаған үшіны оқудан шығып қалудан қорқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме беріп.
Студенттердің айтуынша, сабаққа Ashyq-та «жасыл» мәртебесі бар адамдардың ғана кіруіне болады.
«Бармай жүргендер көп, бірақ көбі, неге екені белгісіз, үнсіз отыр. Сондықтан біз, белсенділер тобы, университет басшылығының әрекетіне көңіліміз толмай жиналып отырмыз, осыған қарсы күрессек дейміз. Көптеген студентке сабақ бармағанын белгілеп қойды, енді олардың оқудан шығып қалу қаупі бар», – дейді Марина Павловец, студенттің анасы.
Студенттердің ата-аналарының айтуынша, олар университет басшылығынан бірнеше рет балаларын қандай негізде университетке жібермейтінін анықтауға тырысқан. Жергілікті санитарлық дәрігердің қаулысында бейтарап «көк» мәртебесі бар оқушыларға сабаққа баруға рұқсат бар деп айтылады.
Университеттің өзінде оқытушылар құрамының жүз пайызы және бес мыңнан астам студент вакцинацияланғанын және университет олардың денсаулығына қауіп төндірмейтінін хабарлады. Мекеме басшылығы оқушыларға вакцинациялау қажеттілігі туралы ескертілгенін атап өтті.
«Үкіметтің 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы коронавирустық инфекция міндетті екпелер тізіміне енгенін көрсетеді. Бұл ковидке қарсы вакцина. Қазақстан Республикасының «Денсаулық туралы» Кодексінің 80-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз денсаулығына қамқорлық жасауға, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтау үшін ортақ жауапкершілікте болуға міндетті», – деді Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Маркетинг және коммуникациялар басқармасының басшысы Жансая Смағұлова.