АҚШ вакцина таратады
Главные вкладки
Америка Құрама Штаттарында Джо Байден әкімшілігі әлем елдерімен бөлісілетін 55 миллион доза коронавирус вакцинасының тарату жоспарын жариялады.
Маусым айының аяғына дейін 80 миллион доза вакцинаны әлем елдерімен бөлісетіндерін хабарлаған Байден әкімшілігі 25 миллион доза вакцинаның тарату жоспарын айдың басында жариялаған еді. Байден әкімшілігі қалған 55 миллион дозаның жоспарын да жариялады.
Ақ Үй аталмыш 55 миллион доза вакцинаның 75 пайызын Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы қалыптастырған COVAX бағдарламасына, қалған 25 пайызын мұқтаж елдерге таратады.
COVAX бағдарламасындағы шамамен 41 миллион доза вакцинаның шамамен 14 миллионы Латын Америка және Кариб елдеріне беріледі. Шамамен 16 миллионы Бангладеш, Ауғанстан және Пәкістан секілді Азия елдеріне жіберіледі.
Африкаға болса COVAX шеңберінде шамамен 10 миллион доза вакцина беріледі.
COVAX тысында қалатын шамамен 14 миллион доза вакцина Ирак, Батыс Шерия, Газа, Молдова, Босния және Герцоговина секілді елдерде беріледі.