АҚШ-тағы митинг кезінде Қазақстан азаматының қаза тапқаны рас па - ҚР СІМ жауабы

Главные вкладки

июн 08, 2020 / 0 комментарии

ҚР СІМ бұл ақпараттың расталмағынын жеткізді.

Кейбір әлеуметтік желілерде АҚШ-тағы жаппай наразылық акциялары кезінде бір қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпарат тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.

Бейресми мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тағы наразылық акцияларын тарату кезінде бір қазақстандық қаза тапқан көрінеді. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, Нью-Йорктегі наразылық акцияларына тойтарыс берілгенде бір қазақстандық қаза тапқан. Бұл ақпарат қазақстандық мигранттардың Whatsapp чаттарында тарады, деп хабарлайды qaznews.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың расталмағанын хабарлады.

 

- Бізге келіп түскен мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тағы митингтерде қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ, - дейді ведомствадағылар.