АҚШ-та карантинді жеңілдетудің екінші кезеңі басталады
Главные вкладки
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында карантинді жеңілдетудің екінші кезеңі қолға алынғалы жатыр. Басты талап шаһарда вирусқа тест тапсырғандардың ішінде індетті жұқтырғандар саны жалпы тексерістен өткендердің 1 процентінен аспауы тиіс. Мысалы, жұма күні қалада 69 мың адам тест тапсырып, вирус тек 716 азаматтан анықталған. Яғни нәтиже 1 проценттен төмен. Сондықтан ертеңнен бастап қалада дүкендер ашылып, шаштараз секілді қазмет көрсету салалары жұмыстарын бастайды. Мейрамханалар мен дәмханалардың сыртқы алаңдарына ашылуына рұқсат етілмек. Бірақ кәсіп иелері адамдардың бетперде тағып, арақашықтықты сақтауын қадағалуы тиіс. Талаптарды бұзған орындарға 20 мың долларға дейін айыппұл салынуы мүмкін. Эндрю Куомо, Нью-Йорк штатының губернаторы: - Мен сақтық шараларын қадағалаушы инспекторларды көбейту туралы бұйрыққа қол қойдым.
Егер тәртіп бұзылса кәсіпкерлер әкімшілік жазаға тартылады. Мейрамхана мен дәмханалардың егелері тамақтану орындарында адамдардың келуін әрі көп жиналмауын қадағалуы тиіс. Ал кей мәліметке қарағанда қазір Нью-Йоркте індет тарала бастасымен дерті жұқтырып алудан қорқып оңүстік айматарға қарай қашқан азаматтар кері қайта бастаған. Осыған байланысты билік коронавирустың таралуы қайта өрши ме деп алаңдап отыр. Оның үстіне наразылық акциялары да жағдайдың оңалуына кедергі келтіруде. Бұдан бөлек сарапшылар шаһарда полицияның қылмыспен күрес жөніндегі бөлімі таратылған соң тәртіпсіздіктер көбейіп, ахуал нашаралай бастағанын айтады.
Дереккөз:https://24.kz/kz/