АҚШ-та әскери-экстремист қара нәсілді полицейді өлтірген - БАҚ

Главные вкладки

июн 17, 2020 / 0 комментарии

АҚШ-тың Әділет министрлігі наразылық шаралары кезінде афроамерикалық полицейді әскери-экстремист өлтірді деген шешімге келді. Бұл туралы федерал прокурор Дэвид Андерсон айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы федерал прокурор Дэвид Андерсон айтты.

Әділет министрлігінің мәліметінше, 6 маусымда сержант Стивен Карильоның үйінде атыс шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына арнайы топ барған. Полицейлер Карильоның үйін тінтуге барған кезде ол полицей Патрик Андервуд пен оның қасындағы полицейге оқ атқан.

Артынша көлікті айдап әкетіп, қашып кетпек болады. Алайда полицейлер оны ұстаған. 

"Пэт Андервуд полицей формасымен жүргені үшін өлтірілді", - дейді федерал прокурор Андерсон.

Ведомство мәліметінше, Карильоның үйінен AR-15 автоматы мен ату жарақтары болған.

Сондай-ақ, Карильоның өз қанымен көлікте экстремист идеологиямен байланысты жазба қалдырғаны белгілі болды.

Осылайша, CBS телеарнасының мәліметінше, Карильо экстремист топта болған болуы мүмкін.