Аққуларға жол берген көлік жүргізушілері елдің жүрегін елжіретті
Главные вкладки
Желі қолданушылары жолдан өтіп бара жатқан аққуларға жол берген көлік жүргізушілеріне сүйсінді.
Қызықты жайт Қарағанды облысы, Абай ауданы Долинка ауылындағы көшелердің бірінде болған. Қос аққу мен олардың балапандары жолдан өткенде көлік жүргізушілері жылдамдықты азайтып, тоқтай бастаған. Бұл сәтті куәгерлер камераға түсіріп алып, видеоны әлеуметтік желіде таратқан. Видеоны көрген желі қолданушылары жүргізушілердің әрекетіне риза болғанын жарыса жазуда.
"Әдемі көрініс. Мұндай әсемдікті көрмегеніме көп болды", "Өте сүйкімді, олар өте аз қалды. Жануарлар мен өсімдік әлемін қорғайықшы", "Олар әкімдікке бара жатыр, балапандары көп, асырау керек", - деп әзілдесті желі қолданушылары.