"Балалардың көзінше балтамен ұрды": Алматы облысында итті аяусыз ұрып-соққан
Главные вкладки
Алматы облысында итке қорлық көрсеткендер көпшіліктің ашуына тиді деп жазады zakon.kz.
Бұл жайттың видеосымен chip_and_dail_animalhelp паблигінің еріктілері бөліскен. Шағымданушылар оқиғаның Бәйтерек ауылында болғанын жазған.
"Таңғы уақытта Евгения ер адамның көрші үйдің ауласынан екі итті әкетіп бара жатқанын көрген. Түскі уақытқа таман әйел мен оның ұлы үйдегі иттерінің үре бастағанын және көшедегі иттердің шәуілін естіген. Бұл жай шәуілге емес, ауырсыну мен қиналудан болған дауысқа ұқсағанын нақтылады.
Олар далаға шыққанда көрші әйел балтаның ұңғысымен ағашқа байланған итті ұрып жатқанын көріп, одан дереу мұны тоқтатуын талап еткен. Ол балтаны лақтыра салып, үйіне кіріп, қолына пышақ алып қайтып келген. Адамдар бұған бей-жай қарап тұра алмаған, аулаға кіріп, итті алып кеткен. Бұл факті бойынша біз шағым мен түсініктеме жаздық. Оларды қабылдап, тіркеуге алды", - делінген жазбада.
Куәгерлер әйелдің итті кәмелетке толмаған балалардың көзінше ұрғанын айтуда. Кейін иттің ветклиникаға жеткізілгені, оның жағдайы тұрақты ауыр екендігі анықталды.
"Жабық бас-ми жарақаты, ісіну, гематома. Кеңсірігінің маңы қатты ісіп кеткен. Басында бірнеше тесік пайда болған. Шамасы, балтаның ұңғысында шеге болған болуы керек, ол теріні және тіндерді бірнеше жерден тесіп өткен. Мұрыннан және көзден қан кеткен. Аяғың әрең басады, көз қарашықтары әртүрлі көлемде, көзі қатты ісіп кеткен", - дейді еріктілер.
Сонымен бірге, пабликте итті жеу үшін осылай өлтіргісі келген болуы мүмкін екендігі жазылған. Басылым бұл жайтқа қатысты түсініктеме алу үшін полицияға жүгінген. Алматы облысының полиция департаменті жануарға қатыгездікпен қарау фактісі тіркелгенін және оны Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы тексеріп жатқанын хабарлады.
"30 жастағы аудан тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 316 бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қылмыстың куәгерлерінен жауап алынуда, сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады облыстың полиция департаменті баспасөз қызметі.