Балалардың өмірі үшін қауіпті

Главные вкладки

Май 30, 2019 / 0 комментарии

 Қаскелең қаласының тұрғындары Абылайхан мен Қонаев көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағы салынғанын қалайды. Себебі, арлы-берлі өтетін көліктер легі сиремейтін бұл жолдың бойы жұртшылық өміріне қауіп төндіреді, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Редакциямызға хабарласқан оқырмандарымыздың айтуынша, бұл маңнан әсіресе балалар көп қатынайды. Қауіпті жолдың арғы-бергі жағына жиі өтеді. Себебі, осы аумақта аудандық мәдениет үйі және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі бар.

Осылайша, тұрғындар осы жолдың бойында орналасқан аудандық полиция басқармасының алдына жаяу жүргіншілер жолағын қойып, оқушылардың қауіпсіздігін ойламаған әкімдікке өкпелі.