Бас бостандығынан айыру орындарындағы некелер

Главные вкладки

дек 31, 2020 / 0 комментарии

Жыл басынан бері СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/1,3,6 мекемелерінде сотталғандар мен тергеумен қамалғандар арасында 30 – дан астам неке қиылды.

Қамауда отырған немесе бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен, неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттарын сақтай отырып, адамды күзетпен ұстау немесе жазасын өтеу орны бойынша тиісті мекеменің әкімшілігі айқындаған үй-жайда жүргізеді.

Күзетпен ұсталып отырған адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган іс жүргізуінде іс жатқан адамға немесе органға хабарлағаннан кейін жүргізеді.

Күдіктімен немесе айыпталушымен некеге тұрғысы келетін адам тергеу изоляторына оның тұрғылықты жері немесе тергеу изоляторының орналасқан жері бойынша АХАТ органы куәландырған өтінішті (еркін нысанда), сондай-ақ қылмыстық іс жүргізуінде жатқан адамның немесе органның аталған күдіктімен немесе айыпталушымен кездесуге рұқсатын (еркін нысанда) ұсынады.

Неке қию ниеті туралы өтініш келіп түскен кезде тергеу изоляторының әкімшілігі оған қатысты өтініштің бөлігін толтыру үшін оны күдіктіге немесе айыпталушыға береді.

Өтінішке жетіспейтін мәліметтер енгізілгеннен кейін тергеу изоляторының әкімшілігі өтініште көрсетілген мәліметтерді күдіктінің немесе айыпталушының жеке ісінің құжаттарымен салыстырады.

Күдіктінің немесе айыпталушының қолының түпнұсқалығы және көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы тергеу изоляторы бастығының қолымен расталады және мекеменің мөрімен бекітіледі, содан кейін әкімшілік неке қию туралы бірлескен өтінішті тергеу изоляторы орналасқан жердегі АХАТ органына жібереді.

Күдіктінің немесе айыпталушының жеке ісінде оның отбасы жағдайы туралы мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, оларды туыстары беруге тиіс, ал олар болмаған жағдайда бұрынғы тұрғылықты жері бойынша АХАТ органына сұрау салу жіберіледі.

Күдікті немесе айыпталушы некеге тұрғысы келетіні туралы өтініш берген жағдайда тергеу изоляторының әкімшілігі бұл өтінішті (еркін нысанда) күдікті немесе айыпталушы некеге тұрғысы келетін адамға жібереді. Бір мезгілде көрсетілген адамға тергеу изоляторының орналасқан жері бойынша АХАТ органының атауы мен мекенжайы хабарланады.

Некеге тұруға келіскен кезде мұндай өтінішті алған адам оны өзіне қатысты бөлігінде толтырады және өтініште көрсетілген қолдар мен мәліметтерді куәландыру үшін өзінің тұрғылықты жері бойынша АХАТ органына береді, содан кейін арызды тергеу изоляторының әкімшілігі оған хабарлаған АХАТ органына жібереді.

Тәртіптік изоляторда тәртіптік жазаны өтеуші күдіктімен немесе айыпталушымен некені тіркеу осы жаза шарасын өтегеннен кейін ғана жүргізіледі.

Күзетпен ұсталып отырған адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган іс жүргізуінде іс жатқан адамға немесе органға хабарлағаннан кейін жүргізеді.

Тергеу изоляторларының әкімшілігі іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан адамның немесе органның рұқсаты болған кезде неке тіркелгеннен кейін күдіктіге немесе айыпталушыға жұбайымен (зайыбымен) кездесу ұсынады.

Некені бұзу үшін күдікті немесе айыпталушы арызды сотқа немесе кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі болған жағдайда АХАТ органына жібереді.

Күдіктілер мен айыпталушылар басқа отбасылық-құқықтық қатынастарға қатысады.

Сенімхат атына ол жасалған адамға қылмыстық істі жүргізіп жатқан адам немесе орган арқылы беріледі.

Күдіктіден немесе айыпталушыдан сенімхат алуға ниет білдірген азаматтар тергеу изоляторы әкімшілігінің өкіліне жеке қабылдауда өтініш береді (еркін нысанда) не оны пошта арқылы жібереді.