Бақытжан Сағынтаев жаңа мектептер құрылыстарының барысын тексерді

Главные вкладки

янв 28, 2021 / 0 комментарии

 

Қала әкімі Б. Сағынтаев Instagram-дағы өзінің парақшасында Алматыда оқушы орындарының тапшылығын азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Ол Түрксіб ауданының Қайрат ықшамауданындағы 1500 орынға арналған мектеп құрылысының алаңында және Бостандық ауданындағы 425 орынды №199 мектептің жаңа корпусында болды. 

slider image

«Биыл жыл соңына дейін қала бюджеті есебінен Наурызбай ауданындағы Қалқаман-2, Алатау ауданындағы Нұркент, Мәдениет, Саялы, Томирис, Дархан ықшамаудандарында және жоғарыда аталған Түрксіб ауданының Қайрат ықшамауданындағы 8 мектепті тапсыруды жоспарлап отырмыз», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Қыркүйекке қарай Бостандық, Әуезов, Алмалы, Жетісу аудандарындағы 17 мектептің жанынан жаңа корпустар салынады. Бұл ретте мектеп жанындағы аймақтар дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін жаңа спорт алаңдары мен стадиондар салу арқылы модернизацияланады. Жалпы жыл қорытындысы бойынша 20 700 оқушы орны ашылатын болады.

slider image

Әуезов пен Түрксіб аудандарында тағы 2 мектеп жеке инвестициялар есебінен салынады.

slider image

Б. Сағынтаев Түрксіб ауданындағы Жас Қанат ықшамауданында 150 орынға арналып салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болды. Биыл Медеу, Жетісу, Алатау аудандарында осындай тағы 5 кешен салынуда.

slider image

Алматы әкімі барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Оның айтуынша, Жаңа Алматының шеткі ықшамаудандарында тұратын балалардың заманауи және жайлы жағдайларда спортпен шұғылданулары үшін барлық мүмкіндікті жасау қажет.

slider image