Бақытжан Сағынтаев КазҰУ-дың жері туралы ақпараттарға жауап берді
Главные вкладки
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері жекеменшікке өтті деген қауесетке жауап берді деп хабарлайды Kaskelen.kz.Әкімнің айтуынша, бұл сыбыстар шындыққа жанаспайды.
Университеттің жерін ешкім жекеменшікке бергелі жатқан жоқ."Қазір университеттің жері университттің меншігінде және оның басқаруында. Егер университет бұл жерлерді әлдекімге бергісі келсе, онда университет әкімдікке "Бұл жерлер бізге керек емес, алыңыздар" деген ұсыныспен шығуы керек", - дейді Сағынтаев.Оның сөзінше, жаңа ректормен кездесіп, аталған мәселені талқылаған."Ол кісі университетімізді әрі қарай дамытуымыз керектігін, жердің ешкімге берілмейтінін, бұл дұрыс еместігін айтты. Бүгінде университеттің жерін әлдекімге беру туралы әңгіме жоқ", - дейді Алматы қаласының әкімі.
Еске сала кетсек, бүгінгі есеп беру кездесуінде Бақытжан Сағынтаев қаладағы экологияны жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтқан еді.Оның сөзінше, ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы шешім қабылда