Біртановтың адвокаты: Бұл ойдан шығарылған қылмыстық іс
Главные вкладки
Бүгін, 21 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту мәселесіне қатысты сот отырысы өтті. Сотта экс-министрдің адвокаты Дмитрий Кудряченко оған тағылған айыпты негіАйта кетейік, бүгінгі сот отырысында Кудряченко соттан экс-министрге қатысты бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатқа немесе кепілге ауыстыруды сұраған еді. Алайда сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырған жоқ, ол Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 мамырға дейін ұзартты. Дегенмен бұл жолы үйқамақта ұстау шарттары біршама жеңілдетілген. Мәселен, экс-министрге үйден шығуға рұқсат деп санайтынын мәлім етті деп хабарлайды zakon.kz.
Кудряченконың сөзінше, тергеу Ericsson Nikola Tesla компаниясы өндірген "Ақпараттық жүйелердің интероперабельділік платформасы" Қазақстан аумағында қолжетімсіз екені туралы жалған ақпарат берген (Біртановқа қарсы айып дәл осы факті бойынша құралып отыр - ред.). Бүгінде "Платформа" әзірленіп, енгізіліп қана қоймай, жұмыс істеп, дамып келеді. Адвокаттың айтуынша, мұны мамандар да, тергеушілердің өзі де біліп отыр. Кудряченконың сөзінше, платформаның жұмыс істеуін растайтын құжаттар көп. Мәселен, 2017 жылдың желтоқсан айында ол кездегі денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой қол қойған құжат бар. Онда жеткізуші платформаны әзірлеу бойынша жұмыстың 61 пайызын орындағаны айтылған
Сондай-ақ, денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің жұмыстың барлық талаптарға сай орындалып жатқанын растайтын бірнеше қызметтік жазбасы бар. "Бұл мәліметтер платформаның сол уақытта әзірленіп қойғанын растайды. Қазір, 11 ай өткен соң да платформаның жұмыс істеп тұрғанын көріп отырмыз. Сондықтан да біз Біртановтың қандай негізде қудаланып жатқанын, не себепті үйқамақта отырғанын түсіне алар емеспіз. Бұл ойдан шығарылған қылмыстық іс. Бұл істе жымқыру әрекеті болмағанын "Платформаны" жасаған мердігер Ericsson Nikola Tesla өкілдерінің де, "Платформаны" пайдалануға қабылдаған және барлық қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойған комиссия мүшелерінің де іске тартылмағанымен растауға болады. Тергеу келісімшарттарға да, орындалған жұмыстардың актілеріне де, пайдалануға беру актілеріне де қол қоймаған Біртановты ғана көздеп отыр", - дейді Дмитрий Кудряченко.
Айта кетейік, бүгінгі сот отырысында Кудряченко соттан экс-министрге қатысты бұлтартпау шарасын ешқайда кетпеу туралы қолхатқа немесе кепілге ауыстыруды сұраған еді. Алайда сот адвокаттың өтінішін қанағаттандырған жоқ, ол Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 мамырға дейін ұзартты. Дегенмен бұл жолы үйқамақта ұстау шарттары біршама жеңілдетілген. Мәселен, экс-министрге үйден шығуға рұқсат.