Бір уақытта жүкті болған апалы-сіңлілі үшемдер көптің қызу талқысына түсті
Главные вкладки
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұратын Джина, Нина және Виктория есімді тұрғындар бір уақытта жүкті болып, әлем жұртшылығын таң қалдырды. Дәрігерлер олардың тіпті, босану уақыты да бірдей екенін айтып отыр деп жазады planetanovosti.com.
Бір уақытта жүкті болған үшемдер көпке әлеуметтік желі арқылы танылған. Желі қолданушылары апалы-сіңлілердің қуанышты жаңалығын естіп, оларға жүрекжарды тілектерін жазуда. Апалы-сіңлілі үшемдердің айтуынша, жүкті екенін алдымен олардың екеуі – Виктория мен Нина ғана білген. Кейін Джинаға өздерінің қуанышты жаңалықтарын жеткізген.
Сондай-ақ, олар Джинаға тезірек жүкті болуға кеңес берген. Үшемдер бір уақытта ана атансақ, балалары да бірге өсетін болады деп есептейді. Апалы-сіңлілердің сөзінше, олар бір-бірімен өте тату. Бірдей киім киіп, барлық мерекелерді бірге өткізеді. Апалы-сіңлілер тіпті, болашақ сәбилерінің атын да өзара ақылдаса отырып қоюды жөн көрген.
Джина үшемдердің ең үлкені. Ол екі сіңлісінен 4 минут бұрын дүниеге келген және қыз бала өмірге келеді деп күтіп жүр. Оған Лейтон Грейс есімін бермек. Ал үшемдердің ортаншысы Нина ұл бала күтіп жүр. Болашақ ана баласының атын Хендрикс Пол есімімен атамақ. Сол сияқты ағайындылардың кенжесі Виктория да ұл баланы күтіп жүр. Ол сәбиіне Заден Сет есімін бермек. Қазіргі күні үшемдер дүкендерге бірге барып, нәрестелердің киімдерін де бірге таңдап жүргенін айтады. Олар Memorial Care Saddleback Medical ауруханасында босануды жоспарлап отыр.