Бұрын Өзбекстанға енген екі ауыл ресми түрде Түркістан облысына қосылды

Главные вкладки

Май 25, 2021 / 0 комментарии

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан Бағыс және Хиебон ауылдары ресми түрде Түркістан облысының аумағына жатқызылды. Осыған байланысты премьер-министр Асқар Мамин Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды,- деп хабарлайды kaskelen.kz

«Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді: Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жалпы алаңы 795,62 гектар жерін Түркістан облысының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысының шекарасы өзгертілсін;

Түркістан облысының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын;

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі », – делінген құжатта.

  • 2021 жылғы сәуірде Түркістан облыстық мәслихаты Үкіметке тараптардың келісімі бойынша Өзбекстаннан Қазақстанға өткен, жалпы алаңы 795,62 гектар жерді облыс аумағына қосу арқылы өңірдің шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізді.

 Сарыағаш ауданының шекарасы өзгертілді. Өзбекстаннан Қазақстанға көшкен Бағыс елді мекенінің жалпы ауданы 750 гектар жері Ақжар ауылдық округіне қосылады.

Жалпы ауданы 45,62 га Хиебон ауылының жерлері Құркелес ауылдық округінің шекарасына қосылады.