Генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды
Главные вкладки
ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр және әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Көпбаев пара алғаны үшін сотталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігі Кадр департаментінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ) бұрынғы бастығы генерал-майор Қ.Р. Көпбаевқа қатысты қылмыстық істі аяқтады.
2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қ. «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-не офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды.
Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атына Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізеді.