Грузияда бір отбасында бір жылдың ішінде 20 бала дүниеге келді

Главные вкладки

июн 07, 2021 / 0 комментарии

Грузияда суррогат аналардың көмегімен бір отбасында бір жылдың ішінде 20 бала дүниеге келді деп хабарлайды "Хабар 24". 

Нәрестелерді суррогат аналар туған. Олардың бұл қызметіне балалардың ата-анасы 80 миллионнан астам теңге жұмсаған. Бүгінде сәбилерге 16 бала күтушісі қарайды. Оларға да қомақты қаражат төленуде. 20 баладан бөлек, ерлі-зайыптылардың бірінші отбасыларынан тағы 10 бала бар. Көпбалалы жұбайлар мұнымен тоқтап қалмақ емес, олар алдағы уақытта тағы нәрестелі болуды ойлап жүр. 

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысы үшем мен егіздер санынан рекорд орнатып жатқанын жазған едік. Былтыр өңірдің №1 облыстық перинаталдық орталығында 8746 сәби дүниге келген. Жыл басынан бері 3108 нәресте туған. Оның 72-сі - егіздер болса, екеуі үшем. Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда. 

Одан бөлек, 22 баланы дүниеге әкелген батыр ананың өмірі жайлы жазған болатынбыз. 1989 жылдан бері 11 қыз бен 11 ұл сүйген ерлі-зайыптылар туралы деректі фильмді Channel 5 арнасы жариялады. Бүгінде көпбалалы отбасы сыйымдылығы он адамға деп салынған бұрынғы қарттар үйін паналап жүр. Үш баласы есейіп ер жеткесін бөлек шыққанына қарамастан, отбасы мүшелері кішкентай үйге әрең сыйып жүргендерін жасырмайды. Десе де, бүгінде немере сүйіп үлгерген көпбалалы ерлі-зайыптылар бақытты екендерін айтады.