Дене шынықтыру пәні мұғалімдері жарысты

Главные вкладки

окт 26, 2019 / 0 комментарии

Биылғы жастар жылы ауданымыздың спорт саласында да басты бағдарға алынған, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Осы мақсатта жас буын арасында көптеген жарыстар, турнирлер өтуде. Таяуда Бірінші май ауылдық округінде ауданның жас мұғалімдері арасында ұйымдастырылған көпсайыс та сол игі шаралардың жалғасы болатын.
Саналы ғұмырының біраз бөлігін ауданның құқық қорғау саласына арнаған ақсақал Бұлар Мейрманов бүгінде ауылдың ақсақалдар ұйымына төрағалық етеді. Өз қатарластарынан әлдеқайда ширақ әрі жас көрінетін қарт спортшы талай дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көрінген жан. Желаяқ зейнеткер атанған ақсақал осы жетістіктерінің басында спортқа деген шынайы сүйіспеншілік тұрағанын алға тартады.
Жалпы, Бірінші Май ауылдық округіне үш елді мекен кіреді. Он мыңға жуық халқы бар округтің басым бөлігі жастар. Тағлымды шарадан ауыл әкімі Елдос Мұқатайұлы да шет қалмай өтуіне үлкен үлес қосты, жиын ортасынан табылды.
Іргетасы сонау 70-ші жылдары қаланған Бірінші май мектебінде директоры Ләззат Тастанбайқызының басшылығымен балаларды саламатты өмір салтына баулу мақсатында да жүйелі жұмыс жолға қойылған екен. Ауыл тұрғындарының мәдени, рухани өміріне әрдайым атсалысатын осы білім ордасының оқушылары да жиналғандар алдында өз өнерлерін көрсетті.
Дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін жас ұстаздар жеңіл атлетикадан алдарына жан салмай жеңіске ұмтылды. Өз кезектерінде алдыңғы толқын ағалардың өнегелі жолын үлгі тұтатындықтарын жеткізді.
Ал, Бұлар Аматайұлына көрсетілген құрметке, қуанышына ортақстасып келген қатарластары, ақылман аталар жастарға ақ баталарын берді. 
Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.